jitsu gif
Қаржы

    Биыл Шымкентте 552 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды

    Баспана
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Биыл Шымкентте 552 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, қайтарымсыз әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 121 көпбалалы отбасы, 51 толық емес отбасы, 104 ерекше бала асыраушы отбасы, 153 бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, 27 кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 96 бюджеттік ұйым қызметкері бар.

    Мемлекеттік бағдарлама аясында несие негізінде тұрғын үйді сатып алуда бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу мақсатында берілетін сертификаттар бойынша бөлінген қаражаттың толығымен игерілуіне байланысты өтінімдер қабылдау биылға аяқталды.

    Тұрғын үй сертификаттары 2019 жылы 21 азаматқа, 2020 жылы 101 азаматқа, 2021 жылы 416 отбасына, 2022 жылы 58 азаматқа, 2023 жылы 148 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген.

    Биыл Шымкентте 552 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.