jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Еңбек демалысына қай айда шықсаңыз, көбірек ақша аласыз

    Демалыс
    Шетелдегі демалыс. Фото: Freepik

    Өндірістік күнтізбеге сүйенсек, биыл Қазақстанда 246 жұмыс күні бар. Заңгер Сабира Салимова 2025 жылы қай айда демалысқа шығу тиімді екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

    Айтуынша, неғұрлым жұмыс күні көп айларда демалысқа шықсаңыз, соғұрлым алатын еңбекақыңыз да көбірек болады.

    "Демалысқа шығарда жұмыс күні көп, мерекесі аз, тіпті мерекелік күндер жоқ айды таңдасаңыз, алатын ақшаңыз да көбірек шығады. Биыл демалысыңызды сәуір, шілде, қазан және желтоқсан айларына жоспарлауға кеңес беремін. Бұл айларда ең көп жұмыс күні, яғни әрқайсысында 22 жұмыс күні бар. Осы айларды таңдау демалыс күндерінің мөлшеріне оң әсер етеді", - деп атап өтті заңгер.

    Сондай-ақ тамыз және қыркүйек айларында демалсаңыз да еңбекақыдан ұтылмайсыз.

    "Бұл айларда 21 жұмыс күні болғандықтан, сәйкесінше, төлем де көбірек шығады. Бір айда жұмыс күндерінің көп болуы төлемді есептегенде ескеріледі. Себебі төлемді есептегенде жұмыс істеген сағаттардың саны есепке алынатындықтан, төлемақыңыздың да сомасы арта түседі", - дейді Сабира Салимова.

    Яғни есептеу базасы бір ай ішіндегі жұмыс күндерінің санына тікелей байланысты болатын орташа күндік табыс негізінде жатыр. Сондай күндер көп болған сайын демалысқа төленетін ақыңыздың да мөлшері арта түседі.

    Ал демалыс үшін тиімсіз айлар: наурыз, мамыр және маусым. Наурызда небәрі 17 жұмыс күні болса, мамырда 19 жұмыс күні бар. Бұл айда сәйкесінше, өтемақы да азырақ шығады. Маусымда 20 жұмыс күні болғандықтан, демалыс ақыңыз азаяды.

    Жұмыс күндерін өндірістік күнтізбеден қарауға болады.

    Еңбек демалысына қай айда шықсаңыз, көбірек ақша аласыз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.