jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жаңа идеяға 3 млн теңге: "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінімдер қабылдау басталды

    Теңге
    Кітаптың ішіндегі ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекет басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялады, деп хабарлайды министрлікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Грант берудің мақсаты — белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.

    2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады.

    Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан азаматы үміткер бола алады.

    Грант мынадай 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

    • "Ғылым" – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
    • "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
    • "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
    • "Бизнес" – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
    • "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
    • "Волонтерлік" – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

    Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 18 тамыз аралығында (бұл ретте, биыл 18 тамыз сағат 24:00-ге дейін) t.urpaktary25@gmail.com электронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.

    Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 706-618-07-23 (жұмыс күндері, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):

    1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім (PDF форматы);
    2. 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (word форматы);
    3. Жоба бойынша бейнематериал (60 секундтан аспайтын) немесе презентация (10 слайдтан аспайтын);
    4. 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы (word форматы);
    5. Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса, PDF форматы);
    6. Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).

    Қосымшалар мен "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларын министрлік сайтынан жүктей аласыз.

    Жаңа идеяға 3 млн теңге: "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінімдер қабылдау басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.