1000000 теңге: Қазақстанда шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды
Опубликовано:
Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі Бірыңғай грант операторының қолдауымен шағын гранттар байқауына өтінім қабылдаудың басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Байқау жеңімпаздары жобаларын іске асыру үшін 1000000 теңгеге дейін қаржылық және ұйымдастырушылар тарапынан әдістемелік қолдау алады. Жобаларды 3 айға дейінгі мерзімде жүзеге асыру қажет.
Шағын гранттар мынадай басым бағыттар бойынша ұсынылады:
- волонтерлік бастамаларды дамыту (төтенше жағдайлар, экология, медицина, мәдениет, әлеуметтік бағыт, жануарларды қорғау) – 60 грант;
- инклюзивті қоғамды дамыту – 18 грант;
- ауылдық бастамаларды қолдау – 18 грант.
Өтінімдер 2025 жылғы 16 шілдеден 4 тамызға дейін қабылданады.
Грантқа кім қатыса алады:
- тіркелген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ);
- волонтерлік жобалар бойынша бастамашыл топтар;
- волонтерлік жобалар бойынша 18 жастан асқан жеке тұлғалар.
Толық ақпаратты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтынан көруге болады: www.cisc.kz ("Гранттар" бөлімі → "Шағын гранттар"), мұнда байқаулар мен ұйымдастырушылар туралы барлық ақпарат орналастырылған.
Байқауды гранттық жобаларды жүзеге асырып жатқан үкіметтік емес ұйымдар ұйымдастыруда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2265918-1000000-tengge-qazaqstanda-shagyn-granttar-baiqauyna-otinim-qabyldau-bastaldy/