jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    ПИК-тің ай сайынғы тарифін көтеру туралы хабар тұрғындарға қанша күн бұрын берілуі керек

    Ақша
    Теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компаниялары мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты өзгерістер күшіне енеді. Осы орайда Алматы қаласының әкімдігі жаңа ережеге сәйкес ПИК-тің ай сайынғы тарифін көтеру туралы тұрғындарды қанша күн бұрын хабардар ету керектігі туралы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Енді барлық басқару субъектісі кондоминиум объектілерін ескертусіз тастап кете алмайды және ай сайынғы тарифті біржақты тәртіппен көтеруге құқығы жоқ.

    Заңда кондоминиум объектісін басқару қызметтерінің құнын өзгерту немесе өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, автотұрақ орындары мен қойма иелерін болжамды өзгеріс болатын күнге дейін немесе қызметті тоқтату күніне дейін кемінде үш ай бұрын хабардар ету міндетті болып енгізілді.

    Тарифті көтеру туралы хабарлау және бұл мәселені қарау фактісін растайтын құжат — меншік иелерінің жиналысының хаттамасы. Жиналыс хаттамасында меншік иелерінің тарифті көтеруге келісімі немесе бас тартуы, сондай-ақ басқару субъектісін ауыстыруға ниеті көрсетіледі.

    Сонымен қатар қосымша, басқару субъектілері тұрғын үй-инспекцияларын объектідегі қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарлау, объектінің мекенжайын көрсете отырып, кемінде үш күн бұрын хабардар етуге міндетті.

    Өз кезегінде тұрғын үй инспекциялары келіп түскен барлық ақпаратты бірыңғай тізілімге енгізіп отыруға тиіс.

    ПИК-тің ай сайынғы тарифін көтеру туралы хабар тұрғындарға қанша күн бұрын берілуі керек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.