jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда ПИК пен МИБ-тің ай сайынғы есепті ұсыну мерзімдері өзгереді

    Құжаттар
    Құжаттарды толтырып отырған адамдар. Көрнекі сурет: pexels.com

    Қазақстанда барлық нысан мен басқару субъектісі ай сайынғы есепті мүлік иелеріне ұсынуға міндетті. Осы орайда есепті ұсыну мерзімдері жаңа ережеге сәйкес өзгереді, деп хабарлайды Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ай сайынғы есептер бекітілген есептілік нысанына сәйкес дайындалып, жалпыға қолжетімді жерде орналастырылуға, сондай-ақ ақпараттық жүйе арқылы жарияланып, ашық сипатта болуға тиіс.

    Есептер үй кеңесімен келісіліп, бекітілуі керек және МИБ төрағалары немесе басқару субъектісі оған қол қоюы қажет.

    15 қыркүйектен кейін ай сайынғы есепті ұсыну мерзімі есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейінгі уақыт болып белгіленді.

    Сонымен қатар Заңда кондоминиум нысанын басқару бойынша жылдық есепті ұсыну тәртібі де бекітілді. Жылдық есептер үй кеңесінде қаралып, мүлік иелерінің жалпы жиналысында талқыланып, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін қабылдануға тиіс.

    Қосымша ретінде, мүлік иелері есепке қоса банк шотындағы қаражат қозғалысы туралы үзінді көшірмелерді, ақау актілерін, монтаждау және орындалған жұмыстар актілерін, сондай-ақ қаражаттың жұмсалуын растайтын басқа да құжаттарды сұратуға толық құқығы бар.

    Әрбір пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, автотұрақ орнының немесе қойманың меншік иесі ағымдағы, жинақтаушы, мақсатты жарналарды, сондай-ақ автотұрақ пен қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлей отырып, ағымдағы және жинақ шоттарының жай-күйі туралы ақпарат алуға құқылы.

    Кондоминиум нысанын басқару бойынша ай сайынғы және жылдық есептерде, егер бар болса, кондоминиум нысанын басқаруға жатпайтын қосымша шығыстар көрсетілуге тиіс, сондай-ақ жалпы мүлікті жалға беруден түскен кірістер жеке жолмен көрсетілуі қажет.

    Қазақстанда ПИК пен МИБ-тің ай сайынғы есепті ұсыну мерзімдері өзгереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.