jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Енді Қазақстанда алаяқтардың кесірінен бұғатталған ақшаны қайтару жеңілірек болады

    20 мың теңгелік купюралар
    20 мың теңгелік купюралар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ұлттық банк алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен азаматтарға қаражатты қайтару ісін жеңілдетуге бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданғанын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық банктің мәліметінше, енді алаяқтық белгісі бар транзакциялар бойынша бұғатталған қаражатты прокурордың санкциясымен тергеу органдарына хабарлау арқылы қайтаруға болады (бұрын сот шешімі қажет болған).

    Бұдан басқа, Ұлттық Антифрод-орталықта заңсыз операцияларға тартылған күдікті төлем карталары мен электрондық әмияндардың дерекқоры құрылады.

    "Сонымен қатар банктік шоты алаяқтық күдікке байланысты бұғатталған тұлғалар үшін зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы немесе жалақы аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдер мен өзге де ақша аударымдарына қолжетімділік сақталады", - делінген хабарламада.

    Бұл ретте қаржы ұйымдары күдікті операцияларға сапалы талдау жүргізуі үшін алаяқтық белгісі бар транзакцияларды бұғаттау мерзімі 3 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін ұзартылды.

    "Антифрод-орталықты дамытудың келесі кезеңі банктік қосымшалардағы күдікті белсенділікті анықтайтын және банкаралық деңгейде күмәнді аударымдарды бұғаттайтын жасанды интеллект технологиясын енгізу болады", - деп қосты Ұлттық банк өкілдері.

    Енді Қазақстанда алаяқтардың кесірінен бұғатталған ақшаны қайтару жеңілірек болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.