jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Біржолғы бастапқы білім беру капиталы: Биыл 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен 235 мың теңге аударылды

    Ақша санап отырған адам
    Ақша санап отырған адам. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    2025 жылы 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен 235 920 теңге аударылды. Бұл туралы "Отбасы банк" Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қаржы орталығынан старттық капиталдың алғашқы траншы түсті – бұл сіздерге бұған дейін айтқан балаларға арналған алғашқы 235 920 теңге.

    Бұл жолы қолдауды 6767 адам алды, жалпы сома 1,6 млрд теңге", - деп жазылған "Отбасы банк" хабарламасында.

    Бастапқы капитал сағат 17:00-ден бастап шоттарға түсе бастаған. Банк өкілдерінің айтуынша, 2025 жылға арналған екінші транш 2026 жылдың ақпан айында түседі.

    "Отбасы банкі" баласы әлі беске толмаған ата-аналарға "Ақыл" депозитін ашуға кеңес береді.

    Еске сала кетейік, биыл 10 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 жастан асқан балаларды қамтитын "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізетін заңға қол қойған еді.

    Заңға сәйкес, біржолғы бастапқы білім беру капиталы 2025 жылы және одан кейінгі жылдары 5 жасқа толатын балаларға төленеді. Оның мөлшері Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін бастапқы білім беру капиталын есептеу, пайдалану және қайтару қағидаларына сай есептеледі.

    "Келешек" жүйесі жыл сайын 5 пайыз мемлекеттік сыйлықақы, ал халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін 7 пайыз мемлекеттік сыйлықақы көзделген қолданыстағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесімен бірге балаңыздың болашағы үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді. Яғни қаржыны техникалық және кәсіптік білім алуға, орта мектеп бітіргеннен кейін жоғары білім алуға және жоғары оқу орнынан кейін білімін жетілдіруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға болады.

    Біржолғы бастапқы білім беру капиталы: Биыл 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен 235 мың теңге аударылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.