jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Kaspi Жұмада 6, 7, 8 және 9 қарашада жеңілдіктер мен бонустар

    Kaspi Жұма
    Көрнекі фото: Kaspi.kz

    Биыл Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сауда мерекесі қарашаның 6-нан бастап, 9-на дейін төрт күнге созылады!

    Сатып алушыларды еліміздің ең үздік дүкендері мен брендтерінен 50 пайызға дейінгі жеңілдіктер және қосымша бонустар күтеді!

    Қыс алды өзіңіз бен жақындарыңызға қамқор болудың ең сәтті уақыты: жылы киімдер алыңыз, үйіңізді жылылаңыз, дөңгелектерді жаңартыңыз — мұның бәрін Kaspi.kz арқылы тиімді алуға болады.

    Сауда мерекесіне жүздеген сүйікті бренд қатысады: Adidas, ADILI, EuroMebel, KIMEX, "Комфорт", "Мечта", Mon Amie, Pandora, Tommy Hilfiger, Calvin Klein, Diesel, Sman, Technodom, Zeta, 1Fit, "Французский Дом", COPA Store, L’Occitane, Intertop, "Белый ветер", Shoqan және тағы басқалары.

    Kaspi Жұма — жай ғана жеңілдіктер емес. Бұл – тиімді зат сатып алу мерекесі, әркім өзіне және жақындарына қуаныш сыйлайтын, ал ел бойынша шағын және орта бизнес өсіп, дамитын ерекше уақыт.

    Ең тиімді ұсыныстар — сүйікті Kaspi.kz суперқосымшасында. 6-9 қараша аралығындағы жылдың төрт күндік ең үздік ұсыныстарын өткізіп алмаңыз!

    Kaspi.kz туралы

    Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.

    Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

    Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

    Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.

    Kaspi Жұмада 6, 7, 8 және 9 қарашада жеңілдіктер мен бонустар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.