jitsu gif
Қаржы

    Сарапшылар теңге бағамының бір айлық болжамын жасады

    : UGC

    Өткен айда қазақстандық теңге 1,5 пайызға көтерілді. Ұлттық валютаның нығайғанын ескерген қор биржасының мамандары қазақстандық валютаның осы айда қандай мөлшер аралығында тұрақтайтынына болжам жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

    Сарапшылар теңге бағамының бір айлық болжамын жасады
    Көрнекі сурет:Otyrar.kz: UGC

    Мамандардың сөзінше, ұлттық валютаның нығаюына мұнай экспортерлері тікелей әсер етіп отыр.

    Ақпан мен наурыз айлары - салық төлейтін кез. Қазынаға келетін түсім көлемі артады. Алыс-берістің теңгемен жүретінін ескерсек, ұлттық валютаның нығаюына негіз бар дейді мамандар.

    Қазір ұлттық валюта ақша айырбастау орындарында бір долларға 377 теңгеден сатылып жатыр.

    Биржа сарапшыларының пікірінше, осы жылы төл валютаның көк қағазға шаққандағы бағамы 408-410 теңгеге жетуі екіталай.

    Бұдан өзге теңге мен доллардың айырбас бағамы АҚШ-тың федералды резервтік саясатына байланысты болмақ.

    "Биыл теңгенің долларға шаққандағы бағамы 408 теңгеден аспайды. Ұлттық валюта бағамы алдымен экспорттық табыстың көрсеткішіне тәуелді. Алдағы айда теңге өз позициясын нақтылай түседі. Яғни, теңге құлдырайды деуге еш негіз жоқ",- деді Қазақстан қор биржасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.