Қаржы

Зектілері

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамына қатысты ұсыныс жасады

Жарияланған күні:

АҚШ доллары
АҚШ доллары. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдары арасындағы ауытқушылыққа жол бермес үшін шек қоюды ұсынды.

Ұлттық банк ресми сайтында "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма қаулысының жобасы әзірленгенін хабарлайды.

Жобаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.

Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған.

Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/stock/2211491-ulttyq-bank-qolma-qol-shetel-valiutasyn-satyp-alu-bagamy-men-satu-bagamyna-qatysty-malimdeme-zhasady/