Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыл соңында елбасыдан мақтау естіген депутаттар ерекше шабыттанып кетті

Опубликовано:

Президенттен алғыс естіп бақыттан басы айналған депутаттар Жаңа жылдық каникулға кетті. Бүгін біріккен отырыс өткізген сенат пен мәжіліс жылды қортындылады.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Парламенттің еңбегін ерекше бағалаған  мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та арнайы құттықтау хатын  жолдаған екен. Сол ақ тілекке толы хатты әріптестеріне Жоғары палатаның төрағасы оқып берді.

"Бүкіл депутаттық корпусқа сенат және мәжіліс аппаратының қызметкерлеріне сындарлы жұмысы және мемлекетіміздің өркендеуіне қосқан баға жетпес үлестері үшін ризашылық білдіремін. Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын", - деді сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елбасының жаңажылдық құттықтауын естіп, шабыттанып кеткен депутаттар мешін жылы да талмай еңбек етуге уәде етті. Бір қызығы, сенат пен мәжілістің мерекелік жиыны бар жоғы 10 минутқа созылды. Депутаттардың ешқайсысына сыйлық, тіпті мақтау қағазы тартылған жоқ. Дастархан да жайылмады.

Бірақ, бұған бола бас қатырған халық қалаулылары жоқ. Тосын сыйды отбасына, туыстары мен достарына әзірлеп, Аяз ата секілді ұл-қызының арманын орындауға әзірленіп жатыр. Тіпті кейбірі 31-ші желтоқсанды кіммен және қайда қарсы алатынын анықтап та қойыпты.

"Әріптесім депутат  Асхат Бекенов Бурабайға демалуға шақырды. Сонда отбасымды ертіп барамын. Бірге демаламыз", - дейді мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1001556-zhyl-sonhynda-elbasydan-maqtau-estigen/

pixel