Exit poll: Қазақстан парламентіне 3 партия өтті
Опубликовано:
Exit poll нәтижесі бойынша үш партия 7 пайыздан артық дауыс жинап, парламент мәжілісіне өтті. Сұрау салу нәтижесін "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының жобалар жөніндегі директоры Юлия Кучинская жариялады.
Еліміздегі 750 сайлау уческесінде 75 мың сайлаушы сұралды, қорытындылай келе:
"Нұр Отан" - 82 пайыз,
"Ақ жол" - 7,22 пайыз,
ЖСДП - 1,21 пайыз,
ҚХКП - 7,17 пайыз,
"Ауыл" - 2,5 пайыз,
"Бірлік" - 0,35 пайыз дауыс жинағаны анықталған.
Орталық сайлау комиссиясы 20 наурызда өткен кезектен тыс мәжіліс сайлауы мен жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына елдегі тізімге енгізілген 9 миллион 810 мың 920 сайлаушының 77,1 пайызы - 7 миллион 564 мың 281 адам қатысқанын хабарлаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1077587-exit-poll-natizhesi-boyynsha-qazaqstan-parlame/