Назарбаев: «Нұр Отан» партиясының жеңісі - халқымыздың жеңісі

Опубликовано:

Астанада «Нұр Отан» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісіне арналған  «Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық!» жеңімпаздар форумы өтуде, деп хабарлады Қазақпарат.

"Кеше өткен Парламент Мәжілісінің сайлауы арқылы Қазақстан өзінің шынайы демократиялы ел екенін, осындай ашық, заңды түрде сайлау өткізетінін және көппартиялық болатынын бүкіл әлемге дәлелдеді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

«Құрметті отандастар, форумға жиналған барша қауым, бәріңізді кешегі өткен сайлаудағы жеңісімізбен шын жүрегімнен құттықтаймын! «Нұр Отан» партиясының жеңісі - халқымыздың жеңісі. Сайлауда бұрын-соңды болмаған белсенділік байқалды,  77 пайыздан астам сайлаушы келіп, 82 пайызы «Нұр Отанға» дауыс берді. Бұл деген - үлкен қолдау, сенім, осы сенімді ақтау үшін жұмыс істеуіміз керек», - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл сайлаудан кейін Қазақстан өзінің шынайы демократиялы ел екенін және ашық сайлау өткізетінін дәлелдеді.

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 60 мемлекет пен Қазақстанның өз байқаушылары, сондай-ақ, 200-ден астам БАҚ өкілдері, дүниежүзінің ақпарат құралдарының орталықтары біздің сайлауымызды демократияның шыңында деп айтты. Бұл - біздің жетістігіміз. Қазақстан бұдан былай өзінің шынайы демократиялы ел екенін, осындай ашық, заңды түрде сайлау өткізетінін және көппартиялық болатынын бүкіл әлемге дәлелдеді. Міне, біздің жетістігіміздің ең үлкені осы», - деп атап өтті елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Exit poll нәтижесі бойынша Қазақстан парламентіне 3 саяси партия өткенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1077739-nazarbaev-nur-otan-partiyasynynh-zhenh/