RU

Алматы мәслихаты депутаттарының тізімі жария етілді

Алматы сайлау комиссиясында сайлау статистикасы жария етілді. Қалалық мәслихаттың ең жас депутаты – 23 жастағы актер Асылхан Төлепов деп хабарлайды BNews.kz.

Алматыда халықтың 34,1 пайызы өткен сайлауда дауыс берген.

«Бұл төмен көрсеткіш емес. 2007 жылы 25 пайыз, ал 2012 жылы 27% болған. Мегаполис тұрғындары облыс халқына қарағанда саясаттан алшақтау болып жатады. Сайлаушылар белсенділігінің төмендігін осымен түсіндіруге болады», - дейді Алматы қаласы сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов.

Мәслихат депутаттығына сайланған 37 адамның 30-ы – ер адам, қалған жетеуі – әйел. Олардың арасында – 26 қазақ, 5 орыс және ұйғыр, татар, еврей, корей, қарашай, түрік ұлттарынан бір-бір өкілден. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясынан – 35 өкіл, «Ақ жол» - 1, «Ауыл» партиясынан –1.

Барлығы 168 кандидат ұсынылған болатын.

Алматы мәслихатының депутаттары: Рахман Алшанов, Нұрия Ниязова, Артур Котенев, Федор Константинов, Сабина Аманкелді, Динара Нөкетаева, Сергей Козлов, Александр Гарбер, Нұрлан Мұхамед-Рахимов, Кенжехан Махытжанов, Махамбет Хасенов, Ханзада Есенова, Шавкат Умаров, Қали Сәрсенбай, Асылхан Төлепов, Қанат Төскебаев, Марат Абдуллаев, Ислам Байрамұков, Станислав Канкуров, Мұхит Әзірбаев, Бигелдин Ғабдуллин, Константин Авершин, Владислав Ли, Айбек Бектұрғанов, Ерлан Стамбеков, Зиятдин Қасанов, Қалдыбай Қазанбаев, Мұрат Әділханов, Болат Садықов, Әміржан Нәбиев, Фарида Мерхамитқызы, Ержан Еркінбаев, Ләззат Қалтаева, Айбол Бекмұхамбетов, Болат Оспанов, Дмитрий Петрухин, Роза Бадаева.

Еске салсақ, бұған дейін өнердегі әріптестері мен әлеуметтік желі қолданушылары актер Асылхан Төлеповті мәслихат депутаты атануымен құттықтағанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1079017-almaty-maslikhaty-deputattarynynh-tiz/