RU

Астана қалалық мәслихатына сайланған депутаттар тізімі жарияланды

Астана қалалық мәслихаты депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарды деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

2016 жылғы 20 наурызда алтыншы шақырылымдағы Астана қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау өтті. Дауыс беру 213 сайлау учаскесінде жүргізілді.

Астана қалалық мәслихатының хабарлауынша, сайлаушылар тізіміне 400445 сайлаушы енгізілді, дауыс беруге 296364 сайлаушы немесе сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,0 пайызы дауыс берген. 1821 сайлаушы дауыс беруге арналған орыннан тыс жерде дауыс берген.

Қалалық мәслихат депутаттарын сайлау 25 сайлау округі бойынша өтті. Сайлау бюллетеньдеріне мәслихат депутаттығына 56 кандидат енгізілді. Алтыншы шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы 25 наурызда сағат 16.00 қалалық әкімдік ғимаратында өтеді.

Сайланған депутаттар: Нұрпейісов Жанат Ғазизұлы, Жүсіпова Зәуре Гинаятовна, Батпенов Саят Нұрланұлы, Шайдаров Мажит Зейноллаұлы, Данбаева Гүлнар Аманжолқызы, Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, Жүнісов Сәрсембек Ендібайұлы, Табулдина Алтыншаш Жұмашқызы, Гаипов Зулфухар, Шибкенов Зейнолла Рақымұлы, Шекенов Мирас Ерғалиұлы, Өмірбаева Рамзия Фаатовна, Бекішев Есенжол Түскенұлы, Сыдықов Ерлан Батташұлы, Мещеряков Илья Николаевич, Манжанова Ирина Рихардовна, Аюпов Аман Блялевич, Досаев Валихан, Абден Қарақат Жақсылыққызы, Оралов Асхат Раздыкович, Касенов Гайдар, Солодовников Сергей Петрович, Төлеутаев Мұхтар Есенжанұлы, Ким Алмаз Феликсович, Есенжолов Еркеғали Темірғалиұлы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1079182-astana-qalalyq-maslikhatyna-saylangha/