Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліске коммунистік партиядан кімдер келеді?

Опубликовано:

Қазақстан халықтық коммунистік партиясының атынан парламент мәжілісіне 7 депутат сайланды. Орталық сайлау комиссиясы партияға 98 депутаттық орынның жетеуін бөлген.

Қазақстан халықтық коммунистік партиясының мүшелері Жамбыл Ахметбеков, Галина Баймаханова, Айқын Қоңыров, Владислав Косарев алдыңғы, бесінші шақырылымдағы парламент депутаттары.

Партияның орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов, партияның Алматы қалалық филиалының бірінші хатшысы Магеррам Магеррамов пен Алматыдағы №48 мектеп-лицейінің директоры Ирина Смирнова халық қалаулыларының қатарына жаңадан қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1080034-mazhiliske-kommunistik-partiyadan-kim/