Владимир Школьник Энергетика министрі қызметінен кетті
Опубликовано:
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Владимир Школьник Энергетика министрі қызметінен кетті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Владимир Сергеевич Школьник Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Школьник 2014 жылдың 6 тамызынан бері Энергетика министрі қызметін атқарып келді.
Еңбек жолын 1973 жылы Маңғыстау энергокомбинатында БН-350 реакторының инженер-физигі болып бастаған.
Маңғыстау энергокомбинатының физика-технологиялық зертханасы бастығының орынбасары, комбинаттың реакторлық өндіріс жөніндегі бас инженерінің орынбасары қызметтерін атқарған.
1988-1992 жылдары Маңғыстау энергокомбинаты директорының орынбасары болды.
1992 жылдан 1994 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігінің Бас директоры;
1994 жылдан 1996 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрі;
1996 жылдан 1999 жылға дейін – Ғылым министрі – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі;
1999 жылдан 2000 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі;
2000 жылдан 2002 жылға дейін – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Энергетика және минералдық ресурстар министрі;
2002 жылдан 2006 жылға дейін – Қазақстан Энергетика және минералдық ресурстар министрі;
2006 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Индустрия және сауда министрі;
2007 жылдан 2008 жылға дейін – Қазақстан президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
2008 жылдан 2009 жылға дейін – Қазақстан Индустрия және сауда министрі;
2009 жылдың мамыр айынан 2014 жылдың тамыз айына дейін – «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы қызметтерін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1081108-vladimir-shkolnik-energetika-minist/