Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарға Орал қаласының жаңа басшысын таныстырды. Қала әкімі қызметіне 52 жастағы Нариман Төреғалиев кіріседі.

Бұл туралы Уральская неделя басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын экономист ретінде бастаған ол БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігінің директоры, Ақжайық ауданының әкімі қызметіне дейін көтерілген.

2015 жылдың маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Аталған қызметте ол экономика, қаржы, құрылыс пен автомобиль жолдарын жөндеу мәселелеріне жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1091663-oral-qalasynynh-zhanha-akimi-taghayyndal/

pixel