Қарағанды әкімі жылдық табысын жария етті

Опубликовано:

Қарағанды әкімдігінің ресми сайтында қаладағы аппараттың және мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының табыстары мен мүліктері туралы ақпаратты жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қазақстанның жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында және мемлекеттік қызметкерлерге халықтың сенімін нығайта түсу мақсатында әкімнің, оның орынбасарларының, аудан әкімдері мен қаладағы мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының табысы мен мүлкі туралы ақпаратты жариялап отырмыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, Қарағанды әкімінің жылдық табысы шамамен 7,5 миллион теңгені құрайды. Ал оның әйелінің иелігінде үш пәтер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1107438-qaraghandy-akimininh-zhyldyq-tabysy-zhar/