Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ бізге

Опубликовано:

Халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ бізге. Мұны мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Халыққа ұнамайтын заң керек жоқ бізге. Бірақ та, түсіндіру керек, оны алып тастағаннан кейін ауыл шаруашылығына қандай мүшкілдік болатынын. Оны, әрине диқандар ғана біледі егін егіп, мал жайып отырған, асфальтта жүріп айғайлағандар емес. Бірінші үкімет жанынан вице-премьер Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін комиссия құруды тапсырамын. Ол комиссия мемлекеттік органдар, қоғамдық органдармен мына шаруаны талқылап, нақты түсіндіріп, Жер кодексіндегі даулы мәселелерге қатысты ұстанымдарды айқындап, парламентке ұсыныстар беріп, парламентпен бірге қайта қараймыз.

Сонымен қатар президент ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек екенін баса айтты.

"Түсінбей жүрген адамдарды шақыру керек, барлығын. Бұл жұмысты Нұр Отан партиясымен бірге, оның жанында демократиялық күштердің біріккен коалициясы бар, ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Оған барлық партиялар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары тартылуы керек. Оны жасыратын ештеңесі жоқ, барлығы да елге белгілі экономика", - дейді Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1120829-nazarbaev-khalyqqa-unamaytyn-zanh-kere/

pixel