Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті

Опубликовано:

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті деп хабарлайды министрліктегі дереккөзге сілтеме жасап NUR.KZ.

"Иә, Мамытбековтің отставкаға кеткенін растаймын", —  деді біздің министірліктегі дереккөз.

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков 1968 жылы 17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

1998-1999 жылдары - Қостанай облысының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары;

1999 жылы-  Қостанай облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары;

1999-2000 жылдары - Қостанай облыстық Қаржы департаменті директорының бірінші орынбасары;

2000-2003 жылдары - Қаржы министрлігі Қостанай облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы;

2003-2004 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары;

2004-2006 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары;

2006-2007жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2007-2008 жылдары - Қазақстан премьер-министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары;

2008-2011жылдары -  «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы;

2011 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ауыл шаруашылығы министрі болды.

"Құрмет" орденімен марапатталған.

Еске сала кетсек, бесінші мамыр күні Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде кеңес өтті. Онда президент дау тудырған жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялап, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1121896-auyl-sharuashylyghy-ministri-asylzhan-ma/