Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биліктегі "Болашақ" бағдарламасының түлектері кімдер?

Опубликовано:

1993 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Болашақ» халықаралық стипендиясымен білім алғандардың қатарында бүгінде белгілі шенеуніктер де бар.

Бағдарлама бойынша әлемнің 33 еліндегі 200 үздік жоғары оқу орнында оқу үшін осы күнге дейін 11 126 қазақстандыққа стипендия тағайындалған. Олардың бірқатары бүгінде елге оралып, түрлі салада қызмет етуде.

Qamshy.kz порталы «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген бірқатар шенеуніктің тізімін ұсынады.

Қуандық Бишімбаев, Ұлттық экономика министрі

1980 жылғы 11 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Академик, экономика ғылымдарының кандидаты. «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Дж. Вашингтон университеті, Вашингтон, АҚШ, 2001 жыл). «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі

Алматы қаласында 1974 жылғы 19 наурызда дүниеге келген. Саяси ғылымдардың кандидаты. «Құрмет» мемлекеттік орденімен марапатталған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Любек қаласының Жоғары мектебі, Германия, 1998 жыл).

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі

1978 жылы туылған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетінде (халықаралық коммерциялық құқық) білім алған.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі

Оңтүстік Қазақстан облысының Киров ауылында 1975 жылғы 23 қаңтарда дүниеге келген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Universität Freiburg, Германия, 1998 жыл).

Серік Сәпиев, "Астана арланс" бокс клубының бас директоры

Абай қаласында (Қарағанды облысы) 1983 жылы 16 қараша күні дүниеге келген. Олимпиада чемпионы (London, 2012), Боксшы, әлем чемпионы (2005 және 2007). «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Брунель университеті, Ұлыбритания, 2014).

Ерлан Әукенов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Алматыда 1984 жылғы 5 қыркүйекте дүниеге келген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі (University of Bradford, Ұлыбритания, 2007). Сондай-ақ, «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясын аяқтап, МВА дәрежесіне қол жеткізген.

Мағжан Әуезов, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы

Алматы қаласында 1975 жылғы 28 қарашада дүниеге келген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Georgetown University, АҚШ, 1996 жылы).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1123857-biliktegi-bolashaq-baghdarlamasynynh-t/

pixel