Назарбаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады

Опубликовано:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Майнура Саветқызы Мырзамадиева Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі қызметінен босатылды;

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып;

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып;

Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметінен;

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1125016-nazarbaev-qazaqstannynh-birqatar-eld/