RU

Азат Перуашевтің қанатты сөздері кітап болып басылып шықты

2016 жылдың 17 мамырында Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының орталық кеңсесінде партия төрағасы Азат Перуашевтің «Полемикалық экономика» атты сөздері мен жарияланымдары жинағының тұсаукесері болады.

Жинаққа Азат Перуашевтің таңдаулы сөздері мен жарияланымдары енген, деп хабарлайды BNews.kz.

Автор ең алдымен нарықтық реформалар мен жеке бизнесті қорғауды басты назарда ұстаған. Сонымен қатар, олар демократиялық институттар арқылы тәуелсіздікті нығайту міндеттеріне және ұлттың мүдделерін ілгерілетуге бағындырылған.

Кітап экономистерге, саясаттанушыларға, ЖОО студенттеріне және қазіргі заманғы Қазақстанның мемлекеттік және экономикалық құрылысы үдерістеріне, сондай-ақ біздің еліміздің бүгіні мен болашағы туралы өткір пікірталастарына ықылас танытушылардың барлығына арналған.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Тасмағамбетов биліктегі элитаның рейтингін бастады

Қаржы министрлігі "Офшордағы қазақстандықтарды" тексереді

Әділбек Жақсыбеков Назарбаевтың алдында есеп берді

Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын босатуды сұрап, хат жазды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1130030-azat-peruashevtinh-qanatty-sozderi-kit/