Бердібек Сапарбаев өзіне ілесе алмаған қала әкіміне сөгіс жариялады

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағынға сөгіс жариялады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жасыл желектерді суару мәселесін шеше алмай жүрген қала әкімі Бекбол Сағын өңір басшысынан сөгіс алып тынды.

Ақтөбеліктер Бердібек Сапарбаевтың өткен жылы берген тапсырмасын орындай алмай жатыр. Қала әкімі Бекбол Сағынның көпшіліктің алдында орнынан тұрып сөз естігені туралы жариялаған болатынбыз.  Тапсырмадан әлі күнге нәтиже шығара алмай отырған қала әкімі сөгіс алды.

Қозғалысы бәсеңдеу Бекбол Сағын облыс әкімінің қарқынына ілесе алмай жатыр.

Ол көпшіліктің алдында сөгіс естісе де суару мәселесін шешпеген. Әкім қаланың бас жоспарын да қабылдай алмай отыр. Тазалық жұмыстары өз деңгейінде емес. Қаланың ішімен өтіп жатқан Сазды өзені қамыстан тазармаған.

Осындай олқылықтардың әлі күнге қолға алынбай отырғаны облыс әкімін қынжылтты.

«Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағынға және «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Боранбаевқа сөгіс жарияланды»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар:

Қаражаттан қысылған қазақ қыздары "қалталы спонсор" іздеуге кірісті

Қарағанды облысында қоқыс жәшігінен жаңа туылған нәресте табылды (фото)

Атыраулық имамдар Алладан елді әбігерге салған нөсерді тоқтатуды сұрап, дұға оқыды (фото, видео)

ОҚО-да таксиге мінгеннен кейін жоғалып кеткен студент қызды көрген куәгер табылды

Оралда жыныс мүшесін балаларға көрсетпек болған азғын ұсталды

Дінтанушылар қазақ жігіттерінің арасында гейлердің көбейгенін айтып, дабыл қақты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1131964-berdibek-saparbaev-ozine-ilese-almagh/