Сенатор жерді жалға бергенше, шетелден қарыз ала беру керектігін айтты

Опубликовано:

Депутаттар шетелден тағы қарыз алуға қарсы емес сияқты. Сенатор Қуаныш Айтаханов жерді сатып, қаржы жинағанша, шетелден ақша алып, ақсап тұрған ауыл-шаруашылығына берейік деп отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бюджеттің жыртығын жамай бермей, өнеркәсіпке қарағанда 23 есе аз инвестиция алатын шаруалар қамына кірісу керек дейді депутат.

"Жерді шетелге жалға бергенше, оны сатып қаржы құйғаннан гөрі шетелден кредит алып өзіміздің кәсіпкерлеріміздің жағдайын көтеруге жердің әлеуетін көтеруге қалай қарайсыз?", - деді сенатор Қуаныш Айтаханов.

Бақыт Сұлтанов бұған ауылшаруашылығы министрлігі жауапты деп сауалды әріптестеріне ысыра салды. Ал өткен жолы мәжіліс мақұлдаған Халықаралық қайта құру және даму банкінен алынатын 1 млрд доллар қарызды бүгін сенаторлар да "алу керек деп" құптады.

Депутаттардан оң дауыс жинап шыққан Сұлтанов журналистерге Қазақстанның қарызы аз, әлі берешек лимитін бұзған жоқпыз деп "сүйінші" сұрағандай болды. Яғни, жалпы ішкі өнімнің 20 процентін құрайтын Қазақстан қарызы 50 пайыздық лимитке дейін бара алады.

Ал жыл сайын еліміз қарыз бен несие пайызына 900 млрд теңгеден төлеп отырады екен. Бірақ сенаторлар берешек сомасын есептегенде ұлттық компаниялар қарызын қоса санасақ, қайтарым шарықтап кетеді деп алаңдап отыр.

Тағы да оқыңыз:

«Самұрық-Қазына» қарамағындағы 10 шақты компанияны сататын болды

Үкіметтің сыртқы қарызын естіген сенаторлар шошып кетті

Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары тағайындалды

Назарбаев: Қазақстандықтар дәл қазіргідей жақсы өмір сүрген емес

Қасым-Жомарт Тоқаев бостандыққа шыққан Надежда Савченкоға қатысты пікір білдірді

Түркіменстан Қазақстанмен шекараны уақытша жапты

Қазақстан Қырғызстанның нотасына өз жауабын әзірлеуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1141260-senator-zherdi-zhalgha-bergenshe-shetelde/