Қазақстандық депутаттардың көліктері қандай?

Опубликовано:

 Еліміздің депутаттары қандай темір тұлпарды пайдаланатынын «Время» басылымы жария етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Депутаттардың гаражы орналасқан көлік шаруашылығында 300-ден астам қызметкер бар. Олардың 199-ы жүргізушілер.

Кемінде бес жылдық тәжірибесі бар және істі болмаған бірінші санаттағы жүргізушілер ғана депутаттарға қызмет ете алады. Оларды арнайы карта арқылы қаланы қаншалықты білетінін тексереді.

Көлік шаруашылығы директорының орынбасары Светлана Бакижанованың айтуынша, депутаттардың жеке көлігі жоқ. Олар көлікті такси секілді шақырады. Қоңырауды қабылдайтын диспетчер шенеуніктің аты-жөнін білмейді. Көлік шақыртқан депутатқа кезекті нөмір беріліп, сол нөмір арқылы депутат қай жерге көліктің қажет болатынын хабарлайды.

Үш деңгейлі тұрақта 200 көлік бар: 2007 жылғы 75 дана Тоyota Camry, S-санатындағы 11 дана Merсedes, ал қалғандарының дені – отандық Kia Optima мен Kia Cadenza.

Қай көлікке кім отыра алатыны Қаржы министрінің арнайы бұйрығында бекітілген. Онда маркалар көрсетілмеген, тек қозғалтқыш көлемі ғана: 3 литрге дейін және одан жоғарылар.

Депутаттық лимит – айына 75 сағат. Олар тек таңғы сегізден кешкі сегізге дейін көліктерді пайдалана алады. Лимит таусылса, ақылы түрде сағатына 1800 теңге төлеп, көлік шақырта алады.

Шенеуніктер өз қаражатына жиі көлікпен жүріп-тұрады. Соның арқасында осы жылдың ақпанында гараж екі миллион теңге табыс көрген. Айына орта есеппен 700-800 мың теңге табыс түседі екен.

Депутат лимитті тек қызметтік бабымен пайдалануы қажет. Бұл GPS жүйесімен қадағаланып отырады.

Жүргізушіге болса, темекі шегіп, телефонмен сөйлесіп немесе депутатты әңгімеге тартуға тыйым салынған және дресс-код міндеттелген.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанның ең танымал аққұба қыздары

Астанадағы тегін концертке ағылған адам легінен 15 тұрғын жапа шекті (фото, видео)

Ақтөбедегі қазақтілді журналистер Бердібек Сапарбаевтан араша сұрады

Алматыда көпқабатты үйдің тұрғындары жедел түрде қауіпсіз жерге шығарылды (фото)

Қазақстанда эротикалық фильмге түсетін актерлерді іздестіріп жатыр

Жас келін шымкенттіктердің неліктен мақтаншақ әрі әлемге танымал екенін айтып берді

ОҚО-да аудан әкімі үшемді болған жас отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйға тартты

Астанада ерлер арасындағы жезөкшелік күн санап өркендеп келеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1147544-qazaqstandyq-deputattardynh-kolikter/