Иманғали Тасмағанбетов қайда жүр?

Опубликовано:

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде «Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағанбетов үйқамаққа алынған болуы мүмкін» деген қауесет желдей есті. Артынша, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды деп хабарлайды Абай.кз басылымы.

"Рас, бүгінгіндей алмағайып кезеңде елдің айтулы саясаткерінің көзге көрінбей кетуі көп азаматтардың көкейіне күдік ұялатқан болуы керек. Десе де Иманғали Нұрғалиұлы туралы министрліктің сайтында бір ақпарат жарияланды", - деп жазады басылым.

Ол ақпаратта Астанада Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов IV халықаралық «KADEX-2016» көрмесін тамашалауға келген Біріккен Араб Әмірлігі Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Хамад Мұхаммед Сәни әл-Румейсимен кездескені айтылған.

Тағы оқыңыз:

Қарағандыда кенеттен көз жұмған оқушының қазасы қытайдың кеспесінен болуы мүмкін

Ермегияев соңғы сөзінде "тың деректермен бөлісемін" деп сотты қызықтырып қойды

ҰБТ-ның алғашқы күні: көз жасы, «шпорлар» және үздіксіз қоңырау шалулар

Ақтөбеде полиция NUR.KZ-тегі мақаладан соң екі қызды сабаған жігіттерді қамауға алды

Қазақстандық депутаттардың көліктері қандай?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1147959-imanghali-tasmaghanbetov-qayda-zhur/