Ермегияев: Менің түрмеде отырғаным кейбір адамдарға керек болды
Опубликовано:
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясындағы қаржы жымқыру ісіндегі басты айыпталушы Талғат Ермегияев сотта соңғы сөзін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Жұрт маған айтпағанды айтқызуда. Бірақ олар мені иліктіре алмай жатыр. Мен өзім кінәлі емес нәрсені мойындай алмаймын және мойындамаймын да. Мен процестің қалай кетіп бара жатқанын түсініп отырмын және кез-келген қорытындыға дайынмын. Бірақ мұнда отырған және тергеумен келісімге келмеген адамдар зардап шекпеуі тиіс... Менің абақтыда отырғаным кейбір адамдарға керек болды", - деген Ермегияев соттағы соңғы сөзінде.
Ермегияевтің ісі бойынша үкім келесі аптаның жұмасында, 10 маусым күні сағат 16.30-да жарияланады.
"Астана ЭКСПО-2017" бұрынғы басшысы Талғат Ермегиевқа қылмыстық кодекстің 311-бабының 5-тармағы ("пара алу"), 189-баптың 4-тармағының 2-бөлімі ("өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету") бойынша айыптар тағылған.
Тергеушілер дерегінше, Талғат Ермегияев 4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленген.
Айта кетейік, прокурор Әлібек Айтжанов соттан Ермегияевті қылмыстық кодекстің "пара алды" деп танып, 14 жылға, "өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленді немесе ысырап етті" деп танып, 10 жылға - екі бап бойынша жиыны 14 жылға соттауды сұраған.
Прокурор бұған қоса Ермегияевтің дүние-мүлкін тәркілеп, өмір бойына белгілі бір лауазымды қызметтер атқаруына және қандай да бір қызметпен айналысуына тыйым салуды, жазасын қатаң режимдегі түрмеде өткізу жазасын кесуді де сұраған.
Тағы оқыңыз:
Жер комиссиясының отырысында Ғани Қалиев бәріне ұғынықты болу үшін орыс тілінде сөйлеуді ұсынды
Маңғыстауда үлкендігі тауық жұмыртқасындай ірі бұршақ жауды (фото, видео)
Иманғали Тасмағанбетов қайда жүр?
Алматының оқушылары ҰБТ-ның бірінші күні-ақ рекорд орнатты
Қарағандыда кенеттен көз жұмған оқушының қазасы қытайдың кеспесінен болуы мүмкін
Жан-Клод Ван Дамм Төреғали Төреәлінің әніне барын салып биледі
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1148653-ermegiyaev-meninh-turmede-otyrghanym-ke/