Елші: Қытайдың Қазақстан мен Орта Азия елдеріне қатысты арам пиғылы жоқ
Опубликовано:
Қытай Орталық Азия мемлекеттеріне ықпал етіп, арам пиғылын жүзеге асыруды ойламайды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан XIV Орталық Азиядағы Қауіпсіздік мәселесі жөніндегі конференцияда ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Біз осы аймақта (Орталық Азия – ред.) басымдық жүргізу саясатын ұстанбаймыз. Әрі арам пиғылымыз да жоқ. Барлық елдермен байланыс орнатып, олардың да мүддесін ойлаймыз. Біз басқа да мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып отырмыз. Мысалы, Ресей, АҚШ, ЕО елдерін айтуға болады», - дейді Қытай елшісі.
Сонымен қатар, Чжан Ханьхуэй Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтау, халықаралық ұйымдармен байланыс орнату маңызды екенін атап өтті.
«Біздің ойымызша, Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау үшін халықаралық қауымдастықпен тығыз байланыс орнату қажет. Бұл өте маңызды. Қытай елі осы аймақта тек бейбіт саясат ұстанатын болады», - деді ол.
Сондай-ақ, елші Қытай Үкіметінің «Жібек жолы» жобасын жүзеге асыруға бар күшін салатындығын баса айтты.
«Бұл жобаны жүзеге асыру үшін қауіпсіздік өте қажет.Осы бағытта Қытай Үкіметі Орталық Азиядағы елдермен тығыз байланыс орнататын болады. Біз осы үшін бар күшімізді салатын боламыз», - деп түйіндеді сөзі Ханьхуэй.
Айта кетейік, Астанада Орталық Азияның қауіпсіздігіне арналған жыл сайынғы XIVконференциясы өтіп жатыр. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Фридрих Эберт атындағы қордың Орталық Азия өкілдігі және ҚХР-ның қазіргі халықаралық қатынастар академиясы ұйымдастырып отыр.
Тағы да оқыңыздар:
Ресейдің барлық спортшылары алдағы Олимпиадаға қатыспауы мүмкін
Ақтөбе облысында 10 жасар бала анасын қорғау үшін әкесін пышақпен жарақаттаған
Тараздағы атыста жараланғандар ауыр халде жатыр
Жаралы анасына жаны ашыған коаланың баласы желіде танымал болды (фото)
ІІМ: Тараздағы оқиға - теракт емес
Веллер: Қазақтардың ата-бабалары Ресейге мемлекеттік әперді
Елдегі "байсалды сәләфилердің" көбі халықты кәпір санап, ата-анасынан бездіреді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1166056-elshi-qytay-ortalyq-aziya-elderine-yqpa/