Бақтықожа Ізмұхамбетов Республикалық ардагерлер ұйымын басқарады

Опубликовано:

Бүгін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төралқасының кезекті отырысы өтті деп хабарлайды Қазақпарат.

Күн тәртібінде Өмірзақ Озғанбаевтың өз еркімен орнын босатуы және «Ардагерлер ұйымы» РҚБ жаңа төрағасын сайлау туралы мәселе қаралды.

Төралқа мүшелері «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы лауазымына Ізмұхамбет Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Төралқа отырысының қорытындысы бойынша Бақтықожа Ізмұхамбетовті Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушының лауазымына тағайындау және оның кандидатурасын кезекті пленумда қарауға шығару туралы қаулы қабылданды.

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасының орынбасары лауазымына Өмірзақ  Озғанбаевтың кандидатурасы мақұлданды.

Тағы да оқыңыздар:

Кәрім Мәсімов допинг дауын тездетіп шешуді тапсырды

Дәрігер: Баян Есентаеваның шығармашылық қызметі туралы айтуға әлі ерте

Илья Ильин 2008 жылы да допинг қолданған болып шықты

Қытай азаматтарының Қазақстанға келуі жеңілдетілетін болды

Қорғаныс министрлігі Отардағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Шымкент әкімі қоластындағы қызметкерлерге қалай жұмыс істеу керектігін үйретті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1166843-baqtyqozha-izmukhambetov-respublikaly/