Ақордада жаңа ауыс-түйістер күтілуде

Опубликовано:

Қазақстанда билігінде жаңа ауыс-түйістер күтілуде деп жазады Kapital.kz-ке сілтеме жасаған skifnews.kz.

Атап айтқанда, президент әкімшілігінің басшысы мен Астана әкімі қызметтерін ауыстыруы мүмкін.

Порталдың жазуынша, Әділбек Жақсыбеков, Нұрлан Нығматуллин және Бақтықожа Ізмұхамбетовтер жаңа қызметке тағайындалады.

Әділбек Жақсыбеков 2014 жылдан бері Астана қаласын басқарып келеді. Дереккөз мәліметінше, ол президент әкімшілігіне басшы болып тағайындалмақ. Әділбек Рыскелдіұлы 2004-2008 жылдар аралығында да аталған мемлекетік органды басқарған.

Ал, 2014 жылдан бері президент әкімшілігіне жетекшілік етіп келген Нұрлан Нығматуллин болса мәжіліс спикері болып қызметін ауыстыруы мүмкін. Ол да дәл осы қызметті 2012-2014 жылдары атқарғанын айты кету керек.

Мәжіліс спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов депутаттық мандатын сақтай отырып, ардагерлер ұйымдарының бірін басқаратын болады деп күтілуде.

Тағы да оқыңыздар:

Дәрігер: Баян Есентаеваның шығармашылық қызметі туралы айтуға әлі ерте

Илья Ильин 2008 жылы да допинг қолданған болып шықты

Қытай азаматтарының Қазақстанға келуі жеңілдетілетін болды

Қорғаныс министрлігі Отардағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Шымкент әкімі қоластындағы қызметкерлерге қалай жұмыс істеу керектігін үйретті (фото)

Жыл басынан бері шетелдік отбасылар Қазақстаннан 10 бала асырап алған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1166850-aqordada-zhanha-auys-tuyister-kutilude/