Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділбек Жақсыбеков қайтадан президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Әділбек Жақсыбеков қайтадан президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ порталы Ақорда баспасөз қызметінің Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы президент әкімшілігінің басшылық құрамына жаңа басшы Әділбек Жақсыбековты таныстырды», - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі Твиттердегі парақшасында.

Жақсыбеков 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бүрлі ауылында дүниеге келген.

Еске салсақ, Жақсыбеков 2014 жылдың қазанынан бастап Астана әкімі қызметіне тағайындалған. Ол Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.

1988-95 жылдары көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.

1995 жыл парламент сенатына сайланады.

1996 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.

1997 жылы желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі.

2003 жыл шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Индустрия және сауда министрі.

2004 жылы желтоқсанынан Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы.

2008 жылы қаңтарынан Нұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2008 жылы қараша айынан Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі.

2009 жылы маусым айынан Қазақстанның Қорғаныс министрі.

2014 жылы қазан айында Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

Тағы оқыңыздар:

Ауыр атлетика федерациясы Ильинге қатысты ақпаратқа орай ресми мәлімдеме жасады

Нұрлан Нығматуллин мәжіліс депутаты атанды

Кәрім Мәсімов допинг дауын тездетіп шешуді тапсырды

Илья Ильин 2008 жылы да допинг қолданған болып шықты

Қытай азаматтарының Қазақстанға келуі жеңілдетілетін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1167395-adilbek-zhaqsybekov-qaytadan-prezide/