Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс төрағасы лауазымына Нұрлан Нығматулинның кандидатурасы ұсынылды

Опубликовано:

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Бақтықожа Ізмұхамбетовтің отставкасынан кейін жаңа төраға лауазымына депутат Нұрлан Нығматулин ұсынылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 маусымда депутаттар жаңа төрағаны жасырын дауыс арқылы сайлауға кірісті. Айта кетерлігі, сайлауға қатысты жасырын дауыстарды санау үшін жеті депутаттан тұратын санақ комиссиясы құрылған болатын.

Қазақстан Конституциясына сәйкес, парламент мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген болуы тиіс. Мәжіліс депутаттарының арасынан палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Мәжіліс төрағасының қызметіне кандидатураны палата депутаттары ұсынады. Осыған байланысты депутат Қуаныш Сұлтанов мәжіліс спикері лауазымына Нұрлан Нығматулинның кандидатурасын ұсынды.

«Нұрлан Нығматулинның толық өмірбаяны тәуелсіздігіміздің өркендеуімен тікелей байланысты. Барлық қызметтерін санамағанның өзінде Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, мәжіліс төрағасы, президент әкімшілігінің басшысы лауазымдарын еске түсірсек те жеткілікті», - деді депутат Сұлтанов.

Осылайша, депутаттар арасынан мәжіліс төрағасы лауазымына бір ғана кандидат ұсынылып, ол бойынша депутаттар жасырын дауыс беру арқылы сайлауға кірісті.

Еске сала кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан парламенті мәжілісінің «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысында парламент мәжілісінің төрағасы лауазымына Нығматулинның кандидатурасын қарастыру туралы ұсыныс жасаған болатын.

«Баршаңыз Нұрлан Зайроллаұлын жақсы білесіздер. Ол Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Мәжілістің V шақырылымын басқарып, көбіңізбен бірге еңбек етті. Оның президент әкімшілігіндегі екі жарым жыл істеген қызметі президент сайлауы, мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы сияқты қауырт саяси кезеңдерге сәйкес келді. Еліміз үшін ауқымды саяси жұмыстар жүргізілді. Сайлаулар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, жақсы бағаға ие болды. Халқымыз ынтымағын көрсетіп, бізді қолдады. Сондықтан жұмысты одан әрі жалғастыруымыз қажет», - деді президент.

Тағы оқыңыз:

11 сынып оқушысы өз есімін "Ақтөбедегі лаңкестер тізімінен" тауып, таң болды

Шымкентте жоғалған оқушы қызды соңғы рет жас жігіт шығарып салған

Қазақстанда ірі ауыс-түйістер болды

Соғымнан кейін қайтыс болған тұрғынның жесірі бұған дәрігерлерді кінәлады

Үлкен дауға қалған Илья Ильинге допингті тамаққа қосып берген болуы мүмкін

Назарбаев Астананы кім басқаратынына немқұрайлы қарай алмайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1168019-mazhilis-toraghasy-lauazymyna-nurlan-n/