Әйгілі миллиардер Қазақстанның Ресейсіз-ақ өмір сүре алатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Лондондағы «Ашық Ресей» клубында сөз сөйлеген миллиардер Джордж Сорос Ресейден дербестікке Қазақстан көбірек қол жеткізе алды деп мәлімдеді.

«Ресейден басқалардан гөрі Қазақстан дербестікке жете алды. Нұрсұлтан Назарбаев өзгелерге қарағанда біршама білімді болатын. Ұзақ уақыттан бері билік басында отырғанына қарамастан, бұл елде білім алған, оның ішінде шетелде оқыған білімді орта тап пайда болды. Қалай аталатынын білмеймін, тіпті мемлекеттік университет, бұл аймақтағы өзге университеттермен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары стандарттарға ие. Онда шетелдік оқытушылар көп. ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойған. Олар Ресейдің нарығына шығу үшін шетел капиталын тартуға тырысып жатыр», - деп атады ол.

Соростың пікірінше, өзге елдер Ресейге көбірек тәуелді, сондай-ақ олар әлсіздеу.

«Мысал ретінде Тәжікстанды алып қарауымызға болады. Ол, өкінішке қарай, Батыс кеңпейілдік танытып отырған елдердің бірі», - деп атап көрсетті ол.

85 жастағы миллиардер, сонымен бірге басқа да бұрынғы кеңестік мемлекеттерге өзіндік бағасын берді. Атап айтқанда, Соростың айтуынша, Қырғызстанда демократиялық дамудың жоғары деңгейі болған, бұл ел «жемқорлықтан таза президентке қол жеткізе алды». - деді миллиардер.

Оның ойынша, Тәжікстан Ресейге көбірек тәуелді.

Тағы да оқыңыздар:

АҚШ-тағы гей-парадта Қазақстанның туын ұстап шыққан бойжеткен анықталды (фото)

Танымал сазгер тойға 120 адамнан артық қонақ шақырмауды сұраған ОҚО прокурорын састырды

Мақпал Жүнісова аздап сыра ішіп тұратынын концертінде айтып қойды

Назарбаев: Ата-баба аруағына сыйынғанда тұрған еш әбестік жоқ

АҚШ-тағы гей-парадқа қатысқан қыз өзін "Бораттың жерлесімін" деп таныстырды (видео)

ОҚО-да 16 жылдан бері Мәдениет үйін паналап келген жесір әйел NUR.KZ-тегі мақаладан соң үйлі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1174627-aygili-milliarder-qazaqstannynh-rese/