Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Қазақ жалқау деген анекдоттан құтылу керек

Опубликовано:

Қазақ жалқау деген әңгімеден құтылу керек. 1 шілде күні Астанада Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының 2016 жылғы I жартыжылдық қорытындысына арналған кеңесте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен әрбір қазақстандықтың ертеңгі күнге сенімді болуын қалаймын. Әр талпынған азаматтың жұмысы болуы керек, отбасын асырауға қажетті табысы болуы керек. Біз осыған көмектесуге тиіспіз. Көмектескенде оған беретін мемлекеттің тегін таратылып жатқан ақшасы жоқ. Өзбекте мақал бар: «Бекер отырғанша бекер жұмыс істе» деген. Сондықтан да, біз де соны үйренуге тиіспіз. Қазақ жалқау деген анекдоттан құтылу керек», - деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Қазақстанда әрбір азаматтың жұмыс тауып, өмірін жақсартуға барлық жағдай қарастырылған.

«Әкімдер, министрліктер біріге отырып осы шаруаларды атқарсақ - мақсатқа жетеміз», - деді Назарбаев.

Тағы да оқыңыздар:

ШҚО-да күйеуі мен қайын атасынан қорлық көрген әйел 3 баласын дарға асып өлтірді

Данара Құлжанова: АҚШ-тағы гей-парадта өз елімнің туын абыроймен көтеріп шықтым

Жазғы каникулға шыққан депутаттар шетел асып, теңіз жағасында қыздырынбақ

Бас прокурор 6 адамды қағып, бір жігіттің өліміне себепкер болған Мақсат Үсеновті ақтап шықты

Америкалық жігіт өзінің iPhone-нына үйленіп, шіркеуде некесін қиды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1177560-nazarbaev-memlekettinh-tegin-taratyl/

pixel