Бас прокурор кадрлар туралы: Кім болса, соны алып жатырмыз

Опубликовано:

Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асанов халық тарапынан құқық қорғау органдарына қатысты туындаған сенімсіздік әлсіз кадрлардың себебінен орын алып жатқандығын атап өтті деп хабарлайды Қазақпарат.

«Кім болса, соны алып жатырмыз, жақында бұрынғы прокурор Саметов өзінің ескі формасын киіп алып, бизнесменді 3,5 миллион теңгеге «лақтырып» кетті. Осындай адам прокуратурада 7 жыл қызмет етті. Сонда қандай адамдар қызметке алынып жатыр? Басты себеп - іріктеу жүйесінің солқылдақтығы. Ол бойынша, үміткерлерді бағалау мүмкін емес, оның жеке қасиеттері қандай, ол да белгісіз күйде назардан тыс қала береді», - деді ол бүгін Бас прокуратураның жартыжылдық қорытындысын шығару кезінде.

Дегенмен, кейінгі жылдары прокуратураға жұмысқа қабылдау барысында жаңа іріктеу жүйесі енгізілген. Енді үміткерлер өздерінің өмірлік тәжірибелері жайында және конкурстық комиссия ұсынған тақырыптан екі эссе жазып, бірқатар тапсырмалар орындайды, психологиялық сынақтан өтеді.

Нәтижесінде, олардың IQ деңгейлері анықталмақ. Сонымен қатар, үздік 30 прокурордың пулы құрылмақ. Қызметтегі мемлекеттік айыптаушыларға да талаптар күшейтілмек.

Тағы да оқыңыздар: 

Алматыдағы атыста жараланған сақшылардың бірі есін жиды

Қазақстан ауыр атлеттеріне Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді

Қаза болған полицейдің ұлы: Әкем парызын өтеп жүріп көз жұмды

Кесарь тілігінен соң әйелдердің өз күшімен босануына бола ма?

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы тұтастай жанып кетті

Мамандар қант бағасының 450 теңгеге қалай көтерілгенін түсіндіре алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1198454-bas-prokuror-kadrlar-turaly-kim-bols/