Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев үйлену тойында болған терактіге байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Опубликовано:

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанға Газиантеп қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта мемлекет басшысының Газиантеп қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды. Терроризмнің тамырына балта шабу – әлемдік қоғамдастық үшін ең басты мәселе. XXI ғасырдың індетіне қарсы күресте біз бауырлас түрік халқымен біргеміз», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Режеп Ердоғанға, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша түрік халқына көңіл айтты.

Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетсек, Түркияда үйлену тойы кезінде теракт болып, 50-ге жуық адам көз жұмған еді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алды

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

Түркияда үйлену тойы кезінде теракт болып, 50-ге жуық адам көз жұмды (видео)

Риодағы әділетсіздікке шыдамаған моңғолдар кілемде шешініп тастады (фото)

Ақтауда алты жастағы қызды ұрлап, кейін зорлап кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1227388-nazarbaev-turkiyada-bolghan-teraktige/

pixel