Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көзбояушылық үшін Сапарбаевты алдаған шенділер қызметінен қуылып жатыр

Опубликовано:

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында көзбояушылыққа жол берген шенеуніктердің алды қызметінен кетіп жатыр. Өйткені олар екі жыл бұрын ашылған балабақшаның лентасын биыл тағы да қиыпты деп хабарлайды КТК арнасы.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев келгенде аудандағылар не көрсетерін білмей әбден сасса керек. Сөйтіп, істеп тұрған балабақшаның есігіне лента таға салған. Алғашқыда жергілікті тұрғындар да Сапарбаевтың келуіне орай осы мекеменің алдында салтанатты шара өтетіне аса мән бермеген екен. Мұның балабақшаның ашылуына орай ұйымдастырылғанын естігенде көбі таң қалыпты.

Өйткені, екі жыл бұрын Ақтөбе облысының экс-әкімі Архимед Мұхамбетов те көк лентаны қиып, тұрғындарды құттықтап кеткен еді. Құйтырқы әрекеттері әшкере болған Шалқар ауданының шенеуніктері енді кезінде құжаты дайын болмады деп ақталып жатыр. Ал балабақшаның ашылуына жауапты білім бөлімінің басшысы Рита Басмағанбетова бір күнде қызметін ауыстырып үлгерген.

Еске салсақ, бұған дейін Шалқар әкімі мен кәсіпкерлер Бердібек Сапарбаевты алдап соққаны туралы хабарланған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Ташкенттің мыңдаған тұрғыны Каримовпен қоштасу үшін көшеге шықты (фото, видео)

Өзбекстан президенті міндетін уақытша Сенат төрағасы атқаратын болды

Мәсімов Ислам Каримовтің жерлеу рәсіміне қатысу үшін Самарқанға ұшып кетті

Өзбекстан билігі президент Ислам Каримовтің қаза болғанын хабарлады

Назарбаев Каримовтің қазасы жайлы: Досымнан айырылғаныма қайғырамын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1239966-kozboyaushylyq-ushin-saparbaevty-aldagh/