Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттар: Қонақтар апталап жататын қазақтарға қандай тіркеу болуы мүмкін?

Опубликовано:

Үйде адамдарды тіркеусіз тұрғызғаны үшін үй иесінің жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр. Атап айтқанда, ескерту жасау мерзімін қысқартып, айыппұлдың мөлшерін ұлғайту жоспарланып отыр. Талқылау барысында Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов осы мәселеге қатысты түсініктеме берді деп xабарлайды BNews.kz.

«Бұл жерде біз «прописка» туралы айтып отырған жоқпыз. Қазір «уақытша тіркеу» деген қызмет бар. Заңға сәйкес, үй иесі он күннің ішінде ол адамдарды «уақытша тұрушы» ретінде тіркеуге қойса болды, артынан ол үйде қанша тұрса да, өз еркі. Ал адамды уақытша тіркеу үшін көп құжаттың қажеті жоқ. Жеке куәлік болса болды. Біз ел қауіпсізігі мақсатында адамдардың көші-қонын бақылауда ұстауымыз қажет. Осыны дұрыс түсініңіздер», - деді Жақыпов.

Дегенмен, кейбір депутаттар мен қоғам белсенділері аталған өзгеріс xалықтың наразылығын тудыруы мүмкін деп отыр. Себебі бәрі бірдей тіркеу органдарына жүгінетін болса, ол жерде жемқорлық әрекеттерінің болуы ықтимал.

«Қазақтың менталитетін ескеру керек, біз туған-туыстардың үйінде айлап жатуды жақсы көреміз. Осыны ұмытпайық», - дейді сенатор Бірғаным Әйтімова.

Жиын барысында заңсыз мигранттарды тіркеу міндетін пәтер иеленушілері кооперативтеріне жүктеу ұсынылды. Ішкі істер министрлігі осы бастамамен келісіп отыр. Бірақ оны заң жүзінде бекіту керек.

Әзірге үйде адамдарды тіркеусіз тұрғызғаны үшін үй иесінің жауапкершілігін күшейту мәселесі ұсыныс ретінде енгізіліп отыр. Депутаттар оны әлі де жұмыс тобы аясында кеңінен пысықтауды ұйғарды.

Осылайша уақытша тұрғын он күннен артық тұрса, тіркелуі тиіс деген ұсыныс мәжілісте келіспеушілік тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Ресей азаматы 30 күнге Қазақстанға тіркеусіз кіре алады, ал қазақстандық он күннен кейін тіркелуге жүгіруі тиіс пе?», - деп түсінбегенін байқатты депутат Ахмет Мұрадов.

"Қонақтар апталап жататын қазақтарға қандай тіркеу болуы мүмкін", - деп жанұшырды депутаттар.

Тағы да оқыңыздар:

Баян Есентаева: Мен жаныма бес метрге жақындаған кез-келген ер адамнан шошимын (видео)

Ақтөбеде 14 баланы құшағына басқан Жетесовтер отбасы тағы да бала асырап алмақ

Дереккөз: 9 қыркүйек күні Кәрім Мәсімовтің үкіметі отставкаға кетеді деп күтілуде

ОҚО-да алты баласымен жалғыз қалған келіншек бір тілім нанға зар болып отыр

Алматыда 30 миллион еуроға экстремалды аттракцион салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1245214-deputattar-qonaqtar-aptalap-zhatatyn/