Үкіметті уақытша Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды
Опубликовано:
Қазақстан премьер-министрінің міндетін уақытша атқарушы болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген президент жарлығында.
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниге келген. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.
Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, Қазақстан премьер-министрі Кеңсесінің басшысы, Павлодар облысының әкімі, Экономикалық даму және сауда министрі, «Нұр-Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары, Өңірлік даму министрі қызметтерін атқарған.
2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
Тағы оқыңыздар:
Бердібек Сапарбаев көпшіліктің алдында Бауыржан Байбекке ерекше алғыс айтты
Депутаттар: Қонақтар апталап жататын қазақтарға қандай тіркеу болуы мүмкін?
ОҚО-да 21 нәрестені сатқан әйел өзін кінәлі санамайды
Қазақстандықтар жыныстық қатынасқа топпен түсуге әуестене бастады
Ақтауда зорланған алты жасар қызды енді Кембридж дәрігерлері емдемек
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1245525-qazaqstannynh-uaqytsha-premer-minist/