Асқар Мырзахметов «ҚазАгро» ҰБҚ» төрағасы болып сайланды

Опубликовано:

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің ашық отырысы өткізілді. Онда премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданды деп хабарлайды Pm.kz.

Холдингтің Жалғыз акционерінің шешімімен премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы бұйрығымен премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлы, Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айтуғанов Қайрат Қапарұлы, Ұлттық экономика министрі Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды.

Аталған бұйрықпен Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлының және Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлының «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Тағы оқыңыздар:

Үй салу үшін әр азаматқа 10 сотық жер беретін бағдарлама әзірленбек

Ұлттық банк төрағасына Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақының доллармен берілгені ұнамай қалды

ОҚО-да аудан әкімі Жазира Жаппарқұлды терактіден көз ашпай жүрген елге демалысқа жіберді

Головкин Афина Олимпиадасының финалында жеңілетінін алдын-ала білген

Ұлттық банк халыққа жинақтарын алтынмен сақтауды ұсынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1246758-asqar-myrzakhmetov-qazagro-ubq-tor/