Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды
Опубликовано:
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Иманғали Тасмағамбетовті Қазақстан премьер-министрінің орынбасары етіп тағайындау" туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
"Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары етіп тағайындалсын және Қазақстан Қорғаныс министрі қызметінен босатылсын", - делінген жарлықта.
Иманғали Тасмағамбетов 1993 жылдан бастап Қазақстан президентінің көмекшісі болып жұмыс істеді деп жазады Pm.kz. 1995 жылдан - премьер-министрінің орынбасары. 1997 жылдан - Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрі.
1997 жылдан Қазақстанпрезиденті әкімшілігі басшысы орынбасары - Қазақстан президенті әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - Қазақстан президентінің бірінші көмекшісі. 1999 жылдан - Атырау облысының әкімі. 2000 жылдың желтоқсанынан - премьер-министрдің орынбасары.
2002 жылдан - Қазақстан премьер-министрі. 2003 жылдан Қазақстан Мемлекеттік хатшысы.
2004 жылы президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі. 2008 жылдың сәуірінен - Астана қаласының әкімі.
2014 жылдың 22 қазанынан Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Тағы оқыңыздар:
Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады
Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)
Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)
Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1249281-tasmaghambetov-qazaqstan-premer-min/