Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясына төрағалық ететін болды
Опубликовано:
Елбасының жарлығымен Имашев Берік Мәжитұлы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
"Имашев Берік Мәжитұлы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына Қуандық Тұрғанқұлов төрағалық еткен болатын.
Берік Имашев - бұған дейін Қазақстанның Әділет министрі қызметін атқарған (2012 жылдан бастап). Парламент депутаты (2008-2012), заң ғылымдарының докторы.
Қазақстан президенті жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия, құқықтық саясат жөніндегі кеңес мүшесі. Қазақстан заманауи бессайыс қауымдастығының президенті.
Тағы оқыңыздар:
Головкинді ресейлік чемпион деп жазған БАҚ қазақстандықтардың қаһарына ұшырады
Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)
Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)
Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1249343-berik-imashev-ortalyq-saylau-komissiya/