Астаналық шенеунік Сағынтаевтың қойған сұрағына жауап бере алмай, қиналды
Опубликовано:
Үкімет отырысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың сұрағына жауап бере алмай үнсіз қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет отырысында премьер Бақытжан Сағынтаев Астана төңірегіндегі азық-түлік белдеуінің нәтижесі туралы мәселені көтерді.
«Бүгінде біз аталған белдеу аясында Ақмола, Қарағанды облыстарымен тығыз қатынаста жұмыс істеудеміз. Осы ретте барлық ірі сауда нысандарында арнайы орындарды қамтамасыз еттік. Күн сайын жәрмеңкелер өткізілуде және екі өңірдің барлық ірі тауар өндірушілері қаладағы үш ауданның аумағында жәрмеңкелерге қатысуда», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.
Өз кезегінде үкімет басшысы елорда әкімі орынбасарының сөзін бөліп: «Қосман Қайыртайұлы, мен басқа мәселені сұрап отырмын. Арнайы «ҚазАгро» арқылы қаржы бөлініп, жобалар іске асырылды. Бұл жобалар қандай нәтиже берді, азық-түлік белдеуі тұрғысында арнайы қанша жоба іске қосылды?», - деген сауалын қойды.
Алайда әкім орынбасары бұл сұраққа үнсіз қалды.
Тағы да оқыңыздар:
Сағынтаев рейтинг қуған СҚО әкімін сынның астына алды
Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түспек болған жігіт тұрғындардың зәресін ұшыруда
Петропавл тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деп күдіктелуде
Қазақстанда жаңа Нұркент қаласы пайда болады
Сарапшылар осы аптада теңге бағамы қандай болатынын болжады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1256877-astana-akimininh-orynbasary-saghyntae/