Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да аудан әкімі кәсіпкерден таяқ жеген соң лауазымды шенеунік қызметінен кетті

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы Қамытбек Айтөреев хатшылық қызметтен кетіп, қарапайым депутаттардың  қатарына қосылып қалды, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бүгін мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, онда хатшы Қамытбек Айтөреевтің хатшылық лауазымнан кету туралы  өтініші қаралды. Әріптестерінің өтінішін өзге депутаттар бірден мақұлдады. Алайда жиында Айтөреевтің бұл «креслодан» кету себебі айтылмады.

Бір қызығы, оны әріптестері де «білмейміз» деп ат тонын ала қашты. Дегенмен сенімді дереккөздерге сенсек,  жақында ғана білдей бір аудан әкімінің кәсіпкерден соққы алған сәтінде оқиға орнында Қамытбек Айтөреев те болған көрінеді.

Екі аптадай  айтылмай келген бұл оқиға көпшілікке жария етілген соң барып мәслихат хатшысы хатшылық қызметтен кету туралы шешім қабылдады.

Қамытбек Айтөреев бұған дейін Шардара ауданын басқарған және облыстық мәслихатқа дәл сол ауданнан депутат болып сайланды.

Естеріңізге салсақ, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Алтын жағажай» демалыс аймағында  әлденені атап отырған сәтінде  жергілікті кәсіпкер бөтелкемен басынан ұрып жіберген. Салдарынан әкім шекесінен жарақат алып, хирургиялық көмекке жүгінді. Он күн денсаулығына байланысты еңбек демалысын аштырды. 

Тағы оқыңыздар:

 Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды

Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды

Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды

Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1268314-oqo-da-audan-akimi-kasipkerden-tayaq-zhe/

pixel