Әбдірахымов Шымкенттегі жолақыны төмендетуге қарсы шығып, орнынан атып тұрды
Опубликовано:
Коммуналдық мәселе Шымкентте өзекті. Үкімет ақша бөлмегеннен кейін халық электр сымдарын, бағаналарын өз беттерінше орнатып алған деп жазады oinet.kz.
Олар жекеменшік трансформаторлардың иелеріне бағынышты. Трансформатор қожайындары қалаған бағасын қояды. Халық төлеуге мәжбүр. Тіпті мұндай трансформаторларға қосылу үшін 60 мың теңге төлеуің керек.
Депутаттар тариф мәселесі бойынша қабылданған шешімді дауысқа салар кезде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов күтпеген жерден орнынан атып тұрды.
"Мына жерде бәрін мұқият тыңдадық. Шешімнің жобасын қолыма алып отырмын. Мен қоғамдық көліктердегі жолақы тарифін көтеруді қайта қарау дегенмен келіспеймін. Қоғамдық көліктің бағасы құқықтық жағынан алатын болсақ, коммуналдық тарифке жатпайды. Оның үстіне сіздер елбасының, үкіметтің тарапынан жасалып жатқан реформаның бәрін жоққа шығарып жатырсыздар. Сондықтан мұндағы көп нәрсені қайта қарау керек. Егер мынау жоба қабылданатын болса, мен ойлаймын, біздің қоғамда өте үлкен келіспеушілік (конфликт) пайда болады. Үлкен ұрыс болады. Сондықтан, құрметті төраға, шешім жобасын қайта қарауды сұраймын", – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.
Шымкент әкімінің мұнысын көпшілік түсіне алмады.
Шымкентте жылу бағасын көтеру мәселесі соңғы кездері жиі қозғала бастады. Әбдірахымов Шымкентке әкім болғалы газ бағасы екі рет көтерілді. Ұзақ уақыттан бері тұрақтап тұрған ауыз судың тарифі де биыл жазда жоғарылады.
"Жолақыны қымбаттатынын Шымкенттің әкімі қызметіне келе салысымен-ақ айтқаны есімізде. Егер әкімдер әр монополистің қалауын орындап, осылайша бас изеп мақұлдай берсе, үлкен ұрыстың көкесі сонда болмай ма? Әбдірахымов сонда халықтың әкімі ме әлде монополистер мен жолаушы тасымалдаушы компаниялардың әкімі ме? Алдымен осыны анықтап алу керек сияқты", - деп жазады Рейтинг газеті.
Тағы да оқыңыздар:
Қазақстандағы әкімдердің жұбайлары кімдер? (фото)
Мирзияевтің күйеу балалары Каримовке тиесілі компанияларды өздеріне алып жатыр
Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады
Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды
Ресейлік шоумен Астанадағы мейрамханасына тірі жолбарыстарды жалдады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1275741-abdirakhymov-shymkenttegi-zholaqyny/