Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суық тиіп ауырып қалған Назарбаев Баку мен Ереванға бармайтын болды

Опубликовано:

Отандық дәрігерлер жиі ескерткен тұмау эпидемиясы Ақордаға жетті. 11 қазан күні президент іс басқармасы емханасының ақ халаттылары ең басты пациенттері - Нұрсұлтан Назарбаевқа жұмыстан босап, емделуге рұқсат беретін медициналық анықтама жазып берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Себебі, мемлекет басшысы суық тиіп сырқаттанып қалған екен. Елбасының денсаулығына қатысты бұндай ақпараттың Ақорда сайтында  алғашқы рет жарияланып отырғанын айта кетейік. Соңғы рет Назарбаев теледидардан кеше елшілерден сенім грамотасын қабылдау сәтінде көрінген болатын. Қазір салқын өткізіп алған елбасы дәрігерлерге қаралып ем-домын алып жатыр.

Осыған байланысты, президенттің Ақордадағы ресми кездесулері, аймақтар мен шетелге жоспарланған барлық іссапарлары да кейінге шегерілуде. 11 қазан күні Назарбаевтың Маңғыстау облысына, ертең Әзірбайжанға, 13-ші қазан Арменияға іссапары жоспарланып қойған болатын. Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысы өтуі керек еді. Енді Ресей, Армения, Беларусь, Тәжікстан мен Қырғызстан  басшыларының маңызды басқосуы Назарбаевсыз өтетін болды.

Тағы оқыңыздар:

82 жасқа келген Жапония императоры өз еркімен тағынан түспек

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Facebook-те аз «лайк» жинау адамдардың басты қасіретіне айналуда

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Бүгін Самат Смақов Ұлттық құрамада соңғы рет өнер көрсетеді

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1280343-suyq-tiip-auyryp-qalghan-nazarbaev-bak/