Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақорда Назарбаевтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Facebook парақшасында  Zakon.kz-тің тілшісіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайын айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

"Президент салқын тиіп ауырып қалғанына байланысты жоспарлы ем қабылдап жатыр. Тұтас алғанда, оның денсаулығына алаңдауға еш негіз жоқ", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Айдос Үкібайдың хабарлауынша, осы аптаның аяғына дейін мемлекет басшысының халықаралық іс-шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ. Сондықтан Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысына премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қатысады.

"Президенттің қызметі бұдан ары тиісті жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілетін болады", - деп атап өтті баспасөз хатшысы.

Тағы оқыңыздар:

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

Суық тиіп ауырып қалған Назарбаев Баку мен Ереванға бармайтын болды

Мәдениет министрі өзін "қырындады" деп айыптаған студентімен сотта кездеседі

Алматы облысында 11 жастағы бала соқыр ішегіне жасалған отадан кейін, жарымжан болып қалған

Алматы облысында маскүнем күйеуі әйелін төрт баласымен далаға қуып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1280895-aqorda-nazarbaevtynh-qazirgi-zhaghdayy/